Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

​​​​Баршаңызды 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушы | QR AQDM | МИОР РК

​​​​Баршаңызды 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушы Күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Айбыны асқақ, тұғыры нық Қазақстан Қарулы Күштері – Отанымыздың мызғымас тыныштығының, ұлан-ғайыр жеріміздің бүтіндігі мен біртұтастығының кепілі.
«Отан – отбасыдан басталады» деген. Ер-Азамат – отбасының тірегі, қоғамның ұйытқысы, мемлекеттің тұтқасы. Қай кезде де ер-азаматтарға сенім артамыз.
Ұлдарымызды «сен жігітсің, Отан қорғаушысың, ел мен жердің иесісің» деп тәрбиелейміз. Себебі Отан қорғау сезімі еліміздің әрбір азаматының бойынан табылуы тиіс қасиетті де құрметті міндет. Сондықтан жауынгер рухты ата-бабаларымыздың ерлік жолының жалғасы – бүгінгі ер-азаматтарымыздың рухы қашанда биік бола берсін.
Әрине, Отан қорғау деген – тек қолға қару алып соғысу емес. Шүкір, бүгінде тыныш заманда бейбіт өмір кешіп жатырмыз. Десе де, бейбіт заманның да өз сынақтары мен міндеттері бар. Сондықтан осы ортақ мақсат жолында қиындықтарды бірге еңсеріп, жетістікке бірге жетуді тілеймін. Еліміз аман, жеріміз тыныш болып, береке-бірлігіміз арта берсін.
Мереке құтты болсын!

Аида Балаева
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі

@aqparatqogam