2022-05-17 07:09:43
2022 жылдың 18 мамыр күні сағат 11.00-де А.П. Чехов атындағы қалалық орталық кітапханада «Адам және қоғам» ҚБ ҮЕҰ ұйымдастыруымен және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Алматы Орталық мешітінің» діни сауат ашу курстарында білім алып жатқан азаматшаларға арналған «Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз басу өнері» атты тақырыбында шеберлік сағат өткізіледі.
Қазақ қол өнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі болып киіз басу өнері саналады. Халық алуан түрлі бұйымдар жасау үшін киізді кең қолданған. Киізді киіз үйдің сыртын жабу үшін, жерге төсеу үшін және де кереге керу арқылы өз қажеттілігіне орай пайдалана білген. Киізден кебеже, сандық қаптайтын әбдіреқаптар, ыдыс-аяқ салатын аяққаптар жасаған. Сондай-ақ кебенек, киіз қалпақтар мен киіз байпақ тіккен.
Шеберлік сағаттың негізгі мақсаты: ұрпақтар сабақтастығын тәрбиелеу, азаматшалар арасында халқымыздың мәдени дәстүрлеріне қызығушылығын арттыру.
Өтетін орны: А.П. Чехов атындағы қалалық орталық кітапханасы (Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 109).
18 мая 2022 года в 11.00 ч. в Центральной городской библиотеке имени А.П. Чехова состоится мастер-класс для женщин, посещающих курсы при «Центральной мечети Алматы» на тему: «Развитое в традиционном казахском обществе - искусство войлока», организованный ОО НПО «Человек и Общество» при поддержке Управления по делам религий города Алматы.
Одним из древних казахских ремесел является войлок. Войлок широко использовался народом для изготовления разнообразных изделий. Народ мог использовать войлок, чтобы покрыть юрту снаружи, положить ее на землю и растянуть на кровати. Производство войлока – это сложный процесс, требующий определенных навыков. Он состоит из несколько этапов: заготовка шерсти, раскладка ее на циновке, впрыскивание горячей воды, утрамбовка, получение готового войлока.
Основной целью мастер-класса является: воспитание чувства патриотизма, преемственности поколений, повышения интереса к культурным традициям страны.
Место проведения:, Центральная городская библиотека им. А.П. Чехова (г. Алматы, проспект Гоголя, 109).
71 views04:09