Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Пайғамбар (с.ғ.с.) жасамаған нәрсе бидғат па? «Бидғат» – араб | Алматы дін - религия Алматы

Пайғамбар (с.ғ.с.) жасамаған нәрсе бидғат па?

«Бидғат» – араб тілінде «жаңалық, жаңа нәрсе» деген мағнаны білдіреді. Бидғатқа байланысты Алла Елшісі былай дейді: «Расында ең жақсы сөз Алланың кітабы және ең жақсы туралық Мухаммедтің туралығы (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), істердің ең жаманы – ойлап табылғаны және әрбір (дінде негізі жоқ) жаңалық адасу»

Демек, Пайғамбарымыз (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) істемеген бір іс кейіннен туындап жатса, оның асылына қаралады. Егер туындаған жаңа нәрсенің негізіне қатысты шариғи дереккөздерінде (Құран, сүннет, ижмағ, қияс), қағидаттарында рұқсат етілген дәлел болса, онда оны орындауға болады.

Мысалы, мәуліт мерекесін атап өту. Себебі мұнда мәуліт шәріп жырынан үзінділер, Құран, салауат және дұғалар оқылады. Мәулітте Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны, ахлақ-әдебі жайында уағыз-насихаттар айтылады. Бұл істердің әрқайсының дінімізде негізі бар.

Дереккөз: Kazislam.kz