Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Бүгін бір инстаграм парақшаның сторизынан 'Ниқаб' туралы бір с | Хикмет ' الحكمة '

Бүгін бір инстаграм парақшаның сторизынан "Ниқаб" туралы бір сөз көрдім. Ол жерде ханафи мазһабына тиесілі кітаптардан ниқабтың уәжіптігін көрмегендегі, оған ешкім ондай дәлел келтіре алмағандығы айтылыпты.

Бұл нәрсе мәзһабқа жабылған жала іспетті. Ханафи мәзһабының әйгілі фақиһтарының кітабын ашып қарасаңыз табасыз. Имам Мухаммадтың (рахимаһуллаһ) "әл-Асл" кітабынан бастап, Ибн Абидинның "Хашиясына" дейін кітаптарды ашып, оқысаңыз "уәжіп" деген көзқарастың ауадан алынбағандығы және бұл Ханафи мәзһабының негізі көзқарасы екенін білетін боласыз.

Имам Марғинанидың "Тәжнис" кітабын ашыңыз, Мулла Али Қаридың кітабын ашыңыз, Имам Сығнақидың сөзін қараңыз. Сол кезде кім ханафи мәзһабының көзқарасын, кім "секуляристтік ұстаныммен" жүретінін білетін боласыз!!!

Айтар алдын анықтап сөйлеген дұрыс шығар...