Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Әбу Бәкір әл-Уасити: «Құлшылықты сақтау, оны орындаудан да ауы | Хикмет ' الحكمة '

Әбу Бәкір әл-Уасити: «Құлшылықты сақтау, оны орындаудан да ауырырақ. Өйткені ол лезде сынып, қайта қалпына келтіре алмайтын шыны ыдыс тәрізді. Сол сияқты амалға да рия, таңырқау араласса, істеген ізгі амалы жойылып кетеді. Егер біреу ізгі амалды жүзеге асыруды қалап, бірақ риядан қорықса не істейді? Әрине жүрегінен рия істі шығару мүмкіндігі болса, онда ізгі амалды орындауға ұмтылады. Ал оған мүмкіндік болмаса, рия деп амалды тастап қоймай, оны орындайды да, соңынан сол ісіне Алладан кешірім сұрайды. Мүмкін Алла оған басқа бір ісіне ықыластылықты беріп қалар» деген екен.

Уа, Алла! Жүрегімізді екіжүзділіктен, ісімізді риядан, көзімізді қиянаттан, тілімізді ғайбат, өтіріктен сақта. Өзіңнің разы болған амалдарды істеуді нәсіп етіп, болашақтағы жағдайымызды, өткенімізден де жақсырақ ете гөр!