Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Маған консультацияға келмес бұрын көпшілік клиенттер былай жаз | JEKEnova

Маған консультацияға келмес бұрын көпшілік клиенттер былай жазады: “Жеке бренд деп барлығы айтады. Мен де дамытқым келеді, бірақ оның не үшін керек екенін әлі де түсінбеймін”.
Рас, көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақ - жеке бренд не үшін керек?

Ендеше танымал кәсіпкер Қуаныш Шонбайдың, коуч Роза Аширбаева мен коуч, психолог Лаура Сейітбек, маркетолог, онлайн-продюсер Бақытбай Сабырбековтың жеке брендімен жұмыс жасаған маман ретінде сұраққа жауап берейін:

• Жеке бренд - бұл актив және ол әлемнің ең мықты компанияларының акцияларынан да бағалы. Себебі жеке брендке жасалған инвестиция, ол өзіңізге жасалған инвестиция. Өйткені инвестор, кәсіпкер Марғұлан Сейсембай айтпақшы “Сізден екі дүниені тартып ала аламайды. Біріншісі - біліміңізді, екіншісі - атыңызды”.

Егер кәсібіңізді, бизнесіңізді немесе қызметіңізді тартып алса, атыңызды, кәсібилігіңізді, яғни эксперттілігіңіз бен тәжірибелігіңізді ешкімнің тартып алуға мүмкіндігі жоқ. (Бизнес могут “отжать” а ваше имя и ваши знания нет).

• Жеке брендімізді дамытсақ келесі мүмкіндіктерге ие боламыз:
+ Чекті көтеру (яғни қызметті, өнімді қымбаттату);
+ Тікелей және жанама конкуренттерден ерекшелену;
+ Репутациямен жұмыс жасау;
+ Бір рет келген клиентті “мәңгілік” клиентке/фанатқа айналдыру.

Ал бізге сенетін ұзақ мерзімді клиенттеріміз көп болса,
оған қоса біздің артықшылығымызды ескере отырып, атымызды ескере отырып қымбат бағаға сатып алса, демек табысымыз да көп болады.

Айтпақшы, жеке брендіңіз дамып, кез-келген басқа салаға, нишаға кетіп қалсаңыз да, сіздің фанаттар артыңыздан барады. Ал бұл дегеніміз…ТТ! Табыс та, танымалдылық та болады.

Ал сіздің жеке брендіңіз дамыған ба?