2022-08-15 21:30:05
Мына дұғаларды бірінші рет оқығанда бір жылап алғанмын. Қатты әсер етіп кетті
Уа, Раббым Алла! Осыншалықты кемшілік пен қателікке толы құлшылықтарымды мейірім-кеңшілігіңе салып қабыл ете гөр!
Уа, Алла Тағалам! Өмірімнің ең соңғы күніне дейін Өзіңнің хақ дініңнен ажыратпа!
Өзіме және айналамда Сенің дініңнен бейхабар, қою ғапылдықтың құшағында жүрген бауырларыма тура жолыңды нәсіп ет! Бұл өмірді тек ішіп жеу мен ұйықтау, көңіл көтеру мен рахатқа бату деп түсінетін ағайындарымның жүрегін аша гөр!
Шын мұсылмандық не екенін әлі де біле алмай жүрген құлдарыңа тауфиқ, һидаятыңды нәсіп ет, Алла!
Уа, Раббым Алла! Сен мейірімділердің мейірімдісісің! Рақымдылардың рақымдысысың! Біз Сенің әлсіз құлдарыңбыз. Бізді кең рақымыңа ала гөр!
Жүрсе де, тұрса да, сөз сөйлесе де ықыластан ажырамайтын құлдарыңның санын арттыра гөр!
Мені де, жер бетіндегі өзге пенделеріңді де кешіре гөр! Тәубе етіп, өкінгендердің тәубесін қабыл ет.
Еліміздегі жетім-жесір, кембағал құлдарыңа Өзің пана бол!
Баршамызды нәпсіміз бен ібіліс шайтанның азғыруынан сақтай гөр!
207 views18:30