Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Алланы сені көріп тұрушылардың ең төменгісі етпе Күнәхар ад | Записи Аеки 📝

Алланы сені көріп тұрушылардың ең төменгісі етпе

Күнәхар адамға адамдардың алдында сол күнәні жасашы десең жасамайды.
Намазына немқұрайлы адамға адамдардың алдында сол намазды солай оқышы десең оқымайды. Себебі, ұялады. Ал Алланың көріп тұрғанын елемейді.

Қазақтың менталитетінде де осы ұят ұғымы бар.
Ұялу иманнан, өте дұрыс. Алайда, ұялу ең алдымен кімнің алдында болуы керек екен?
Әрекетіңді қандай ниетпен ұқыпты жасайсың?
Адамдар көріп тұр деп пе, әлде Алла көріп тұр деп пе?
Алланы сені көріп тұрушылардың ең төменгісі етпе.