Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Раббым! Сен риза болатын сөздердің ғана тілімнен шығуын нәсі | Записи Аеки 📝

Раббым!

Сен риза болатын сөздердің ғана тілімнен шығуын нәсіп етші

Сен риза болатын ойларды ғана ойлауымды нәсіп етші

Сен риза болатын дүниеге ғана қарауымды нәсіп етші

Сен риза болатын дүниені ғана естуімді нәсіп етші

Сен риза болатын амалдарды ғана жасауымды нәсіп етші

Сен риза болатын заттарды ғана ұстауымды нәсіп етші

Сен риза болатын жерлерге ғана аяқ басуымды нәсіп етші

Сен риза болатын заттарды ғана сұрауымды нәсіп етші

Сен риза болатындай ғана қалауымды, еркімді, таңдауымды Сенің жолында қолдануымды, Саған бағынышты етуімді нәсіп етші

Сен риза болатын дүниелерге ғана күлейінші, қуанайыншы

Сен риза болатын дүниелерге ғана көзімді жасқа алайыншы, қайғырайыншы

Сен риза болатын қарым-қатынасты ғана көрсетуімді, құруымды нәсіп етші

Сен риза болатын білімді ғана үйренуді нәсіп етші

Сен риза болатын әдеттерде ғана тұрақты болуымды нәсіп етші

Сен риза болатындай Сені тануымды, Саған құлшылық етуімді, өмір сүруімді, Саған қайтуымды нәсіп етші