Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Дұғаға қатысты түсіну керек нәрсе қыздар: Аллах сендерге кү | Записи Аеки 📝

Дұғаға қатысты түсіну керек нәрсе қыздар:


Аллах сендерге күре тамырларыңнан да жақын , арқашан жақын.
Аллах сізге өте жақын болғандықтан сізге не қажет не пайдалы екенін сізден артық біледі.
Оның жақындығы- айналадағы ситуациялар/сезімдер арқылы байқалады және адамдардың көмегі арқылы.
Аллах сізге мұқтаждық сезімін береді оны өзі қанағаттандыру үшін.
Мысалы дұға жасауға қалау береді просто дұғаға жауап беру үшін. Мұқтаждықты жарататын сосын мұқтаждықты қанағаттандыратын нәрселерді жарататын Аллах. Аллах сізге қиындық/жақсылық берсе де ,оның іші мейірімге толы болады сондықтан дұға жасағанда Аллахым осыны сұраймын , бірақ сен маған ең жақсысын беретініңе сенем деп айту керек .
То есть Аллах сізге ешқашан жаман нәрсе бермейді себебі шексіз мейірімді

Аллахтың мейірімі ананың баласына деген мейірімінен асып түседі.
Өміріңізде кез келген ситуация Алланың мейірім арқасына болды сізге сырт көзге ұнамайтын нәрсе болса да, оның ішінде сіз көре алмай тұрған мейірім бар.
Осы нәрсені терең ойлансаңыз *Аллаға сенемін деген дәрежеден Аллаға сенім арта аламын *доверяю* деген дәрежеге ауысасыз

Адам дұғаларында нақтылап осыны берші деп немесе нақты осылай қалаймын деп сұраса , адам шектеліп қалады екен.
Себебі ол тек бір ақ вариантты қарастырып тұр- өзіңіз тек бір ақ вариант көріп тұрсыз.
Аллах сіз ойлаған бір варианттан басқа миллион керемет варианттарды біледі және соларды бере алады.
Сондықтан дұға жасағанда жалпылама сұраған дұрыс екен, мысалы біреулер бастық болатын бала берші деп ұрпақ сұрайт екен. Ал иманды бала бер деп сұраса сол иманның ішіне атақ/дәреже адамдардың сыйлауы барлығы кіреді екен
Өзіңіздің қалауыңызды сұрауға болады бірақ сол дұғаға қатты жабыспай , Аллах сізден де жақсы білетінін сізге не хайырлы болатынын білетінін , сізді өзіңізден де жақсы білетінін , сізге не берседе ең хайырлысын беретініне , сенім артып дұға жасаған дұрыс екен.

(Құрманғазы ұстаз сабағынан )